Түнде жұмыс істеген екі кафе анықталды

Алматыда түнде қонақ қабылдаған екі кафе анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Бұл мекемелер Алматы қаласының Алмалы ауданында, Шевченко көшесінде орналасқан. Түннің бір уақытында, тексеру кезінде 30 адам “Веселидзе” кафесінде уақыттарын өткізген, ал, қабырғаның ар жағында орналасқан “Бакинский бульварында” 60-қа жуық демалушы анықталды. Осы мекеме басшыларына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналды. Шешім қабылдау үшін материалдар Алмалы ауданы бойынша УККБТУ-ге, юрисдикцияға сәйкес беріледі.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді