Түнде екі ер адам қар үйіндісінен құтқарылды

Бұл туралы төтенше жағдайлар министірлігі хабарлады.

112 kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылынан 20 шақырым жерде ауа-райының нашарлауына және қардың көп түсуіне байланысты жеңіл автокөлік қар үйіндісіне түсті.

Ішінде 2 адам бар көлікті құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, ауылға дейін сүйемелдеді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.