22 декабря 2025 г. 8:48
Түнде Алматыда тағы жер сілкінді
Түнде Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Астана, NEGE. ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 22 желтоқсан күні Астана уақытымен түнгі 02:16-да алматылықтар жер сілкінісін сезді. Жерасты дүмпуі Қытай аумағында болған.
Эпицентр координаттары:
- 41,23 градус солтүстік ендік;
- 78,87 градус шығыс бойлық;
- Магнитудасы mb=5.0;
- Энергетикалық класы K=11.5.
Жер сілкінісі Алматыда 2 балл болып сезілген.