«Тұмар» телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары алдағы уақытта анықталмақ
«Тұмар» телевизиялық бәйгесі биыл төртінші жыл қатарынан өткізіледі. Бұл жоба сапалы телевизиялық контентті анықтап, тілшілердің еңбегін бағалауға септігін тигізбек. Байқау жеңімпаздарына 1 миллион теңге сыйақы беріледі.
Алматы, NEGE. «Биыл 10 номинация бойынша 211 жұмыс ұсынылды. Өтінімдердің көбі «Үздік деректі фильм», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік телевизиялық телехикая» номинациялары бойынша болды. », - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Ләззат Сүйіндік.
Ләйлә Сұлтанқызы бұл жобаға биылғы жылы енгізіліп отырған ерекшеліктермен таныстырды.
«Бұрын тапсырыс беруші телеарна марапатталып, тапсырысты орындаушы компаниялардың еңбегі еленбей, ортада түсініспеушілік болатын. Биыл осы мәселе ескеріліп, сыйақы продакшн компанияға берілетін болады. Бұрын интернет жүйесінде танымал болған, көп қаралым жинаған дүниелер «Тұмарды» жеңіп ала алмайтын, себебі идеология, тәлім-тәрбиеге көп ден қойылатын. Осы жолы келіп түскен өтінімдердің ішінде YouTube-та көп қаралым жинаған сериалдар, жүргізушілер, журналистер бар», - дейді ол.