14 мая 2025 г. 12:10

«Тұмар» – 2025 ұлттық телевизиялық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Фото: Тұмар

2025 жылғы 14 мамырдан бастап «Тұмар» – 2025 ұлттық телевизиялық сыйлығына өтінім қабылдау басталды.

Алматы, NEGE.  Аталған бәйге 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылып, содан бері отандық телевизия саласындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды. Осы уақыт ішінде сыйлыққа 2200-ден астам өтінім қабылданып, 354 жоба номинант атанды. Ал 98 жеңімпаз «Тұмар» мүсіншесіне ие болды.

Биылғы бәйгеге 2024 жылғы 13 мамыр мен 2025 жылғы 14 мамыр аралығында қазақстандық телеарналардың эфирінде көрсетілген жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және өңірлік телеарналар, телестудиялар мен кәсіби телевизиялық контент өндіруші компаниялар ұсынуға құқылы.

Өтінімдер келесі номинациялар бойынша қабылданады:

– Ең үздік әлеуметтік тележоба 

– Жылдың ең үздік репортажы

– Ең үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама

– Ең үздік журналистік зерттеу

– Жылдың ең үздік телехикаясы

– Ең үздік деректі фильм

– Ең үздік балалар тележобасы

– Ең үздік өңірлік телеарна

– Ең үздік тележурналист

– Ең үздік тележүргізуші

– Ең үздік спорттық комментатор

Өтінімдер 2025 жылғы 9 маусымға дейін қабылданады. Толық ақпаратты tvtumar.kzресми сайтынан біле аласыз.