Тұман мен көктайғақтан бірден 63 көлік соқысты
АҚШ-тың Вирджиния штатында 69 көлік ірі апатқа ұшырады. Апат салдарынан 50-ден астам адам зардап шекті.
Алматы, NEGE. Оқиға Ричмонд қаласынан ондаған шақырым жерде орналасқан Квинс-Крик көпірінде болды. Көктайғақ пен тұман салдарынан көліктер бір-біріне тізбекпен соғылған.
51 адам жарақат алды, олардың 11-ауыр халде жатыр. Зардап шеккендердің біразы Риверсайд аймақтық медициналық орталығына жіберілді.