19 августа 2020 г. 12:03
Тулешова үздік өнер көрсетті
Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова американдық America's Got Talent таланттар шоуының үшінші айналымында өнер көрсетті.
Алматы, NEGE. Данэлия Sign of the Times әнін орындады. Ол таланттар шоуының Youtube каналында жарияланды.
«Қазақстандық 14 жасар жұлдыз Гарри Стайлздың «Sign of the Times» әнін тамаша орындады. Данэлия Тулешованың орындауындағы әнді жіберіп алмаңыздар!» – делінген видеода.
Әнші өзінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін жанкүйерлеріне жүгінді.
«Дәл қазір маған сіздердің көмектеріңіз бен қолдауларыңыз қажет, сондықтан маған NBC.COM/AGTVOTE-де дауыс беріңіздерші», – деді Данэлия Instagram-дағы парақшасында.
Айтпақшы, орындаушы атап өткендей, дауыс беру тек АҚШ-та тұратындарға ғана қолжетімді.