Туыстар арасындағы мобильді аударымдарға шектеу жоқ – Қаржы вице-министрі

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов туыстар арасында мобильді аударымдарға қатысты сауалға жауап берді. 

gov.kz

Алматы, NEGE. «Туыстар арасында бір-біріне ақша аударымдарының сомасы бойынша ешқандай шектеу жоқ. Оны біз кәсіпкерлік деп қарамаймыз. Жаңа бақылау нысандарын енгізу аясында біз үш ай ішінде әртүрлі адамдардан түскен аударымдардың көлемін ғана қарастыратын боламыз», - деді Қаржы вице-министрі.