Туысының атына 11 микрокредит рәсімдеген алаяқ ұсталды

Ақмола облысының тұрғынының атынан жиені ЭЦҚ арқылы 629 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Жәбірленушінің айтуынша, ол 2025 жылғы 6 наурызда туысынан ЭЦҚ алу процесіне көмектесуін өтінген. Бірақ 8-26 наурыз аралығында тұрғынға белгісіз қаржы ұйымдарынан күмәнді хабарламалар келген. Алаяқтар екендігіне күмәнданған ол ешқандай әрекет жасамаған.

27 наурыз күні Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінгенде атынан 11 микрокредит ресімделгені анықталды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметі жеке деректерді, оның ішінде ЭЦҚ-ны өзге тұлғаларға бермеу қажеттігін ескертеді. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті