Туған ағасының 12 млн теңгесін ұрлаған

Оқиға Қызылорда облысында болған.

Қызылорда облысы, NEGE. Қызылорда облысында інісі туған ағасының сейфте тұрған 12 млн теңге ақшасын ұрлап алып кеткен.

Оқиға Жаңақорған ауданына қарасты Шалқия ауылында тіркелді. Ауыл тұрғыны аудандық полиция бөліміне үйінен қомақты көлемде ақша ұрланғаны жөнінде арыз түсірді. Көп ұзамай полицейлер қылмыс жасаған адамды ұстады. Ол арыз берген азаматтың туған інісі болып шықты. Күдікті - Түркістан облысының тұрғыны, бұрын сотты болған.

«Тексеру жұмыстары барысында ол туған ағасының үйіне терезе арқылы кіргені анықталды. Адамдардың жоқтығын пайдаланып, жатын бөлмеде тұрған сейфтің есігін бұзған. Сол жерде тұрған 12 млн ақшаны алып кеткен. Қазір бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігімен (Өзінше билік ету) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қазір оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Мән-жайы анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді