Цукерберг: Мемлекеттік цензура енгізу – қате рефлекс
Facebook Inc. негізін қалаушы және басшысы Марк Цукерберг үкіметтің әлеуметтік желіге цензура енгізуге тырысуы – қате рефлекс деп мәлімдеді, деп хабарлады Reuters.
Алматы, NEGE. «Әлеуметтік желіге цензура енгізуі үкіметтің қате рефлексі болып табылады, себебі ол өзі цензураға қарсымыз дейді», - деді АҚШ президенті Дональд Трамптың әлеуметтік желіні жабу немесе оны қатаң реттеу туралы қорқытуына түсінік берген Цукерберг.
Ол алдымен үкіметтің не айтқысы келгенін түсіну керектігін атап өтті. Дегенмен ол жалпы цензура енгізуді дұрыс емес деп санайды.