Цой жынысты тегін ауыстыруға қатысты түсініктеме берді
Желіде
тарап жатқан "Қазақстанда жынысты тегін ауыстыруға рұқсат берілді" деген ақпаратқа Денсаулық сақтау министрлігі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, "министр Алексей Цой жыныс ауыстыру отасын тегін жасауға арналған бұйрыққа қол қойған".
Алайда, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Ол жалған ақпарат. Ондай бұйрық берілген жоқ", - деді министрлік өкілдері.
Министрлік өкілдері бұған қатысты қосымша түсініктеме беретінін хабарлады.