Цой: Жағдай қиындаса 4 мыңнан астам тыныс алу аппараты қажет

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстан өкпені жасанды желдетудің 4 мыңнан астам аппаратын сатып алған жағдайда ең қиын сценарийдің өзіне дайын болады.

Алматы, NEGE. «Қазіргі таңда Қазақстандағы инфекциялық стационарлардағы 1553 инфекциялық жансақтау төсек орнында 966 дана стационарлық өкпені жасанды желдету аппараты бар. Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының болжамына сәйкес жалпы елге алдағы уақытта 6 365 жансақтау төсек орнына 4 093 өкпені жасанды желдету аппаратын сатып алу керек болады», - деді Алексей Цой Үкіметтің отырысында.

Министрдің айтуынша, осындай көлемдегі аппаратты сатып алған жағдайда елдегі ауруханалар қиын сценарийдің өзіне дайын болады.

«Бұл аппараттарды сатып алу шығынын Дүниежүзілік банктің қарызын қайта бөлу жолымен 5,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттердің 4,9 млрд теңгелік ресурсымен, Үкімет резервінің қаражаты арқылы (отанды өндірістегі аппараттарды сатып алу арқылы) жабу ұсынылады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес осы жылдың тамызында өкпені жасанды желдету аппараттарының отандық өндірісі жолға қойылып, олардың 595 дана алғашқы партиясы денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған