Цой Роза Рымбаева мен Төреғали Төреәліні жазаламақ

Роза Рымбаеваның ұлы мен Төреғали Төреәлінің қарындасының той жасауы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жеке бақылауында, деп хабарлады министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.


Алматы, NEGE. «Бұл мәселе (Роза Рымбаеваның ұлы мен Төреғали Төреәлінің қарындасының той жасауы – ҚазТАГ) денсаулық сақтау министрінің жеке бақылауында. Бүгін таңертең ғана осы тақырыпты талқылаған болатынбыз. Министр менің көзімше Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшинге телефон шалды және қазіргі кезде қатысушыларды, аталмыш ашра өткен орнын анықтау және олардың нақты қандай санитарлық нормаларды бұзғанын анықтау үшін Алматы қаласы Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе тексеру шаралары жүріп жатыр. Сосын әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес жазалау шарасы қолданылатын болады», - деді Қожахметов дүйсенбідегі брифингте.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты