Цой өзіне вакцина салдырмауының себебін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой неліктен өзі әлі күнге "Спутник V" вакцинасын салдырмағанын түсіндірді.

Алматы, NEGE. – Қазақстанда егуге рұқсат етілген барлық вакцина тексерілді және олар қауіпсіз. Қазір ресейлік "Спутник V" вакцинасын министрліктегі, өңірлік денсаулық сақтау басқармасындағы әріптестеріміз салдырды. Бұл вакцина тиімді әрі қауіпсіз. Ал қазақстандық QazCovid-in вакцинасы әлі әзірленіп жатыр. Оның технологиясы басқаша. Қазір клиникалық сынақтың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Мен денсаулық сақтау министрі ретінде отандық вакцинаны салдыруды жөн көрдім, – деді министр.

Сонымен қатар Алексей Цой халыққа жаппай екпе салдыру ғасырлар бойы адамзатты шешек, оба сияқты қырылып қалуға апаратын қорқынышты аурулардан қорғап келгенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды