Цой өзіне әзірге вакцина салдырмайтын болды

Алексей Цой әзірге екпе салдырмайды. Отандық вакцинаны күтеді. Елордадағы емхана жұмысын тексеруге келген министр осылай деді.

Алматы, NEGE. Айтуынша, «QazVac» қазір соңғы сатысынан өтіп жатыр. Осы айдың соңына қарай қолданысқа еніп қалуы мүмкін.

Осы ретте ведомство басшысы «Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытта өндіріліп жатқан ресейлік «Спутник V» вакцинасын отандық өнім» деп, айды аспанға бірақ шығарды. Сөзіне сенсек, басқа ел ойлап тапқан өнімді өзімізде өндіру де өте күрделі технология. Сондықтан әлгі вакцинаны Қазақстанда шығарылған деп толық сеніммен айтсақ болады деді.

«Спутник Ви» де қазақстандық вакцина. Ол біздің елде өндірілген. Субстанциясы Ресейге тиесілі шығар. Бірақ вакцина Қазақстанда өндірілді. Сондықтан оны отандық өнім деп айтуға болады. Сыртқы қаптамасында да Қазақстанда шығарылған деп жазылады, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі.
 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

Түркістанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады