Цой коронавирустың не себепті өршігенін түсіндірді

Елімізде коронавирустың өршуіне жаңа штамдар түрткі болды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Алматы, NEGE. «Науқастану өсімі британдық және оңтүстікафрикалық штамдардың айналымымен байланысты болып отыр. Осыған орай өңір әкімдері инфекциялық төсек-орындармен және алғашқы медициналық-санитарлық көмектің мобильді бригадаларымен қамтамасыз ету бойынша шұғыл іс-шаралар қабылдауы қажет», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар ол сәуір айында ПТР тестілеу санының артқанын айтады.

«Эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, сәуірде тестілеудің тәуліктік санының 57 мың зерттеуге дейін артқаны байқалады. Бұл қолданыстағы зертханалардың тәуліктің қуатының 50 пайызын құрайды және ақпанмен салыстырғанда 1,6 есе артық», - деді Алексей Цой.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр