Цой карантинді жеңілдетуге қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин жеңілдеуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Үкімет отырысында ол карантиннің бес аптасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 56,73 адамнан 36,2-ге дейін төмендегенін айтты.

Министрдің айтуынша, өлім-жітім көрсеткіші де төмендеді.

"(...) Карантинді жеңілдету қоғамдық орындарда маска режимі мен гигиенаны қатаң сақтай отырып, сондай-ақ барлық ақпараттық арна бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету арқылы жүргізілуі тиіс", - деді Цой.

Айта кетейік, карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша қорытынды ұсыныс комиссияның бейсенбі, 13 тамызда өтетін отырысында айтылады.

Қазір оқып жатыр

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Винус Уильямс Зарина Диасқа қолдау білдірді

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады