Цой елордада карантин неліктен күшейтіліп жатқанын түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой астанада карантин неліктен күшейтіліп жатқанын түсіндірді.

Алматы, NEGE. «Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл аймаққа» енді. Яғни мұнда R санының репродуктивтілігі 1,26-ға жетті. Бұл – қауіптенерлік фактор. Сол себепті қала деңгейінде нақты шараларды қабылдау туралы шешім қабылданды. Біз бұл шектеу шараларын қолдаймыз. Жағдайды теңестіру керек. Әлбетте жағдай үрейлі деуге келмейді. Алайда коронавирус жұқтырған азаматтардың саны артып кетпеуі үшін алдын алу шараларын қабылдау керек», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек 14 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанна Пірәлиеваның қаулысы жарияланған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан