Цой демалыста жүр

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Алексей Цой еңбек демалысына шыққанын айтты.

Алматы, NEGE. «Алексей Владимирович еңбек демалысында. Келесі аптаға, дүйсенбіге дейін бір апталық қысқа еңбек демалысы», – деді Шоранов үкімет отырысынан кейін журналистер сұрақтарына жауап беріп.