Цой: Алматыда коронавирус штамының жаңа мутациясы анықталды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағындағы коронавирустың айналымдағы өзге де штаммдарына зерттеу жүргізуде.

Алматы, NEGE. "2021 жылғы 17 наурызда Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референс-зертханасы Алматы қаласы бойынша КВИ-мен ауыратын науқастардан алынған зертханалық үлгілерді зерделеді. Зерттеу нәтижелері бойынша "Британдық", "Оңтүстік Африка", "Бразилиялық" штамдарға ұқсас ықтимал мутация анықталды", - деп жазды ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook парақшасында. 

Министрдің айтуынша, КВИ-дің алдын алу және мутацияны емдеу шаралары қолданыстағы тәсілдерге ұқсас. Яғни маска тағу керек, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, адам көп жиналатын орындарға бармаған жөн және халықты жаппай вакцинациялау. 

"Мутацияны және оның осы штаммдардың біріне жататынын нақты растау толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін бір ай ішінде айқындалатын болады", - дейді ол. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті