Циркте пілдер төбелесіп, көрермендердің зәресін алды

Татарстан астанасында цирк қойылымы кезінде екі піл күтпеген қылық көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Татар-информ» агенттігінің жазуынша, цирк көрермендері қойылымға шыққан екі пілдің бірі екіншісін қалай қағып құлатқанын видеоға түсіріп алған.

«Осы оқиғадан кейін көрермендер орындарынан асығыс тұрып, тарай бастады. Тағы бір видеода пілдердің бірі қалай құлағаны басқа қырынан түсірілген», - деп жазады жергілікті сайт.

Цирк директоры Рамиль Шарифуллин «Татар-информ» ақпарат агенттігіне берген мәліметінде оқиғаның болғанын растады. Ол аталмыш келеңсіздік жануарлардың көктемгі құбылуынан болуы мүмкін деген болжам айтып отыр.

«Оқиға салдарынан цирк әртістері де, көрермендер де зардап шеккен жоқ. Пілдер де аман-есен», - дейді цирк басшысы.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті