Цифрлық «сақтандыру». Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі кезінде жаңа қызмет көрсетіледі

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Үкімет отырысында баяндағандай, Қазақстанның авиация саласының цифрлық трансформациясы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ірі жобалары шеңберінде дамуын жалғастыруда.

Pixabay

Астана, NEGE. «E-freight» жүк тасымалдарында электрондық құжат айналымы жүйесі енгізілді. Еліміздің әуежайларында жолаушыларға қағаз құжаттарын көрсетпей-ақ тіркеуден және бақылаудан өтуге мүмкіндік беретін «E-doc-airport» электрондық жеке куәлік жүйесі белсенді қолданылуда.

Жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру, ұшақтың ұшу уақытын және отын шығынын азайту үшін бағыттарды оңтайландыру және рейстердің кешігуі кезінде цифрлық сақтандыру қызметі сияқты инновациялар іске асырылу сатысында.

Бұл авиабилеттерді сатуға арналған қосымшаға енгізілген арнайы қызмет түрі, ол жолаушыларға рейс кешіктірілген жағдайда сақтандыруға және төлемдерді бірден алуға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады