Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі микрокредиттік ұйымның кесірінен жеке деректердің таралып кетуі туралы хабарлама алған қазақстандықтарға мәлімдеме жасады.

egemen.kz

Алматы, NEGE. Министрлік тұлға жеке деректеріңізге қол жеткізуге келісім бермесеңіз ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағымдануға шақырды.

"Егер сіз жеке деректеріңіздің тарағаны туралы хабарлама алсаңыз және сіз "Займер" микроқаржы ұйымының клиенті болмасаңыз, жеке деректеріңізге қол жеткізуге келісім бермесеңіз, жағдайды одан әрі нақтылау үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағымдануыңыз керек. Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қажет", - деді министрлік өкілі Альбина Атен.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекеттік техникалық қызмет мамандары "Займер" микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың жеке деректері жарияланып кеткенін анықтаған.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды