«Центр плова» дәмханасындағы жарылыс: сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды
Ақмола облысы Щучинск қаласындағы бірнеше адамның қазасына себеп болған «Центр плова» дәмханасындағы өрт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.
Астана, NEGE. Бұл жөнінде облыстық прокуратура хабарлады, деп жазады Kazinform.
Қадағалаушы орган өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Қылмыстық-процестік кодекстің 296-бабына сәйкес күдіктілер мен қорғаушылар іс материалдарымен танысып жатыр. Осы процесс аяқталғаннан кейін іс бойынша тиісті шешім қабылданады.
Еске салсақ, 26 ақпанда Щучинскідегі «Центр плова» дәмханасында жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, жарылыс тұрмыстық газ баллондарын дұрыс қолданбаудан болған. Салдарынан барлығы 13 адам қаза тапты.
2 наурызда дәмхана иесі ұсталып, екі айға қамауға алынды.
Кейін облыстық прокуратура дәмханада болған жарылыс бойынша автомобиль газ құю станциясының директоры мен газ баллондарын жеткізушінің де ұсталғанын хабарлады.