Трұмов маңғыстаулықтарға үндеу жасады
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңір тұрғындарына үндеу жасады.
Алматы, NEGE. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов қауіпті індет - коронавирус пен пневмонияның күн сайын өсіп бара жатқанына алаңдап, өңір тұрғындарын карантин талаптарын қатаң сақтануға шақырды. «Бүгінгідей еліміз үшін аса қауіпті болып отырған сын сәтте сіздерге арнайы үн қатып отырмын. Жағдай өте күрделі. Тұрғындар арасында науқастардың саны артып, ауруханаларға түсіп жатқандар өте көп. Соңғы тәулікте өңірде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 208-ге жетті», - деді С. Трұмов.