Тректегі велоспорттан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан 4 медаль алды

Ислам ынтымақтастығы ойындары - Ислам конференциясы ұйымына мүше елдердің ең мықты спортшылары бақ сынайтын халықаралық спорттық шара.

Алматы, NEGE. Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасы Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының кезекті жарыс күнінде төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитеті.

Ерлер арасындағы жекелей сында Әлішер Жұмақан жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Оның әріптесі Дмитрий Носков мәреге екінші болып жетті.

Дәл осы сайыс түрінен әйелдер арасында Рината Сұлтанова І-орынды иеленді. Марина Кузьмина қола жүлдені місе тұтты.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды