«Транстелекомнан» 4 млрд теңге жымқыру ісі: күдікті Грузиядан жеткізілді

Бас прокуратура сеніп тапсырылған қаражатты ұрлағаны үшін қылмыстық жауапқа тарту мақсатында Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланғанын хабарлады.

Видеодан кадр/Бас прокуратура

Астана, NEGE. Прокуратура мәліметінше, күдікті компания басшысы бола отырып, адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы қаражатты ұрлау мақсатында мемлекеттік сатып алу нормаларын қолданбай, спутниктік және телекоммуникациялық жабдықты жалға алудың заңсыз шартын жасаған.

«Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде "Транстелеком" АҚ арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген», – делінген ресми хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

Наурыз айында ол Грузия аумағында ұсталды. Енді оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы тамызда өтеді

Айбек Оралбай – 3 дүркін Азия чемпионы

Санкциялық яхталар, хром және ескі қазақстандық схема: Йылдырымдар туралы оқиғаның екінші бөлімі

Үш отандасымыз бокстан Азия чемпионы атанды