10 июня 2023 г. 9:12

Транскаспий көлік бағдарын дамыту мәселесі Астана форумында талқыланды

Фото:
Астана халықаралық форумында Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК

» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен форум шетелдік делегациялар және халықаралық ұйымдар делегаттары мен бизнес пен ғылыми орта өкілдерінің негізгі ғаламдық мәселелерді талқылаған диалог алаңына айналды.

Орта дәліз: еуразиялық байланысты нығайту«атты панельдік сессияда жетекші әлемдік сарапшылар Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) жұмысының тиімділігін арттыру жайын талқылап, Қазақстанның транзиттік хаб ретіндегі рөлін атап өтті. 2023 жылдың өткен 5 айында Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 42% артқан.

ЕДҚҚБ-ның Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитайдың айтуынша, Орта дәліз түрлі елдердегі ірі өндірістік орталықтарды байланыстырады.

Сарапшылар ТХКБ-ны сәтті дамыту тарифтік және реттеуші режимді өзгертуді, инфрақұрылымның өткізу қабілетін дамытуды, үйлестіру жолдарын әзірлеуді, барлық мүдделі тараптардың ынтымақтастығын қажет етеді деген пікірге келді.

Тегтер: