Трамптың сайлауда жеңілетінін болжаған көріпкел коронавирустың қашан аяқталатынын айтты

Бұған дейін пандемия мен Дональд Трамптың жеңілісін дөп болжаған британиялық экстрасенс 2021-2022 жылға арналған болжамын ұсынды деп жазады The Sun.

Алматы, NEGE. АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамптың жеңіліс табатынын болжаған Николас Ауджула пандемияның қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Оның сөзінше, соңғы уақытта экстрансенске коронавирус туралы сауалдар жиі қойылатын болған.

"Жаңа жылдан кейін ол бірқалыпты болады және ауру жұқтыру деңгейі 2021 жылдың көктеміне қарай бақыланатын деңгейге дейін түседі деп болжаймын", – деді Николас Ауджула.

Сонымен бірге ол коронавирус және оған байланысты карантиндік шектеулер 2022 жылға дейін созылуы мүмкін деген ойымен бөлісті.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды