Трамптың басы тағы дауға қалды (видео)

АҚШ-тың беделді басылымы - The New York Times пен  Associated Press агенттігі  АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты 2018 жылы түсірілді делінген бейнежазбаны жариялады.

Алматы, NEGE. Вашингтон қаласындағы Trump International Hotel қонақүйіндегі кешкі ас үстінде  президент Трамп кездескен адамдардың арасында Лев Парнас және Игорь Фруман есімді бизнесмендер бар.  Ең қызығы сол, бұл екеуі Украинаға қысым жасауға қатысты даудың ең басты күдіктілері ретінде аталады. Олар сонымен бірге Трамптың сайлау барысын қаржыландырғандардың қатарында аталады. Ал Дональд Трамп бұл адамдарды мүлде танымайтынын және ешқашан кездеспегенін айтқан еді.

Бейнежазбада Трампты Украинаның АҚШ-тың көмегінсіз Ресейге қаншалықты ұзақ төтеп бере алатыны қызықтырғаны жазылған. Ол сонымен бірге АҚШ-тың Киевтегі елшісі Мари Йовановичті орнынан босату туралы мәселе көтереді.

Мари Йованович 2019 жылдың мамыр айында президенттің сенімін ақтамады деген уәжбен қызметінен қуылған еді. Бұрынғы елші өзіне қарсы астыртын жымысқы әрекеттер болғанын және өзін кетіру үшін мемлекеттік департаментке Дональд Трамптың қысым көрсеткенін мәлімдеген.

Бейнежазбада Дональд Трамптың Йованович туралы «Одан құтылыңдар» дегені анық естіледі.

АҚШ азаматтары болып табылатын Парнас пен Фруманға былтыр қазан айында лоббистік қызмет талаптарын бұзды деген айып тағылған.

 

Қазір оқып жатыр

Атырауда Наурыз мерекесі кезінде 78 бала жоғалып кетті

Президент қазақстандықтарды «Тазару күніне» белсенді қатысуға үндеді

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді