Трамптың желіде Венесуэла туралы жариялаған суреті қызу талқылануда

АҚШ президенті Дональд Трамп суретте өзін «Венесуэла президентінің міндетін атқарушысы» ретінде көрсеткен.

Getty images

Астана, NEGE. Қызу талқыға түсіп жатқан сурет Дональд Трамптың Truth Social желісінде жарияланды. Суреттің анықтамасы «Википедия» онлайн-энциклопедиясын еске салады.

Онда Трамптың «Венесуэла президентінің міндетін атқаруға» 2026 жылғы қаңтардан бастап «кіріскені» көрсетілген. Сондай-ақ онда АҚШ-тың 45 және 47-президенті екені жазылған.

Бұл жарияланымға қатысты әзірге Ақ үй өкілдері де, Венесуэла оппозициясы өкілдері де ресми пікір білдірген жоқ.

Скриншот/truthsocial.com/@realDonaldTrump

Қазіргі уақытта Венесуэланы уақытша Делси Родригес басқарып отыр.

Айта кетейік, 3 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорестің ұсталып, елден шығарылғанын мәлімдеді.

Сол күні Венесуэланың астанасы Каракаста бірнеше жарылыс болғаны хабарланды. Елдің Сыртқы істер министрлігі бұл әрекетті әскери агрессия деп бағалап, АҚШ билігін жауапқа тарту үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жүгінетінін хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?