Трамптан 11 бума құпия құжат тәркіленді

АҚШ

-тың Федералды тергеу бюросы экс-президент Дональд Трамптан 11 бума құпия құжат тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бұл туралы осы елдің Әділет министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Тінту жұмысы Трамптың Флорида штатындағы сарайында жүргізілген. Бұған тыңшылық туралы күдіктің туындауы себеп болған.

Жалпы агенттер 20-дан астам қорап, суреттер салынған папкалар, қолжазба мен экс-президенттің кеңесшісі Роджер Стоунға рақымшылық жасау туралы қағаздарды тапқан.

Сондай-ақ құжаттар арасында Франция президентіне қатысты маңызды ақпарат болған.

Егер АҚШ-тың 45-президенті тыңшылық жасады деп айыпталса, онда ол түрмеге отыруы немесе ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті