Трампқа қарсы импичменттің екінші кезеңі өтті
Бүгін АҚШ-тың бұрыңғы президенті Дональд Трампқа қарсы импичменттің екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Экс-перзидентке халықты бүлікке шақырды және АҚШ үкіметіне қауіп төндірді деген айыптар тағылуда. Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 13-і АҚШ өкілдер палатасында 222 демократ пен 10 республикалықтың қолдауымен Трампқа қарсы резалюция қабылданып, Сенатқа жіберілген еді. Конгрестің жоғары палатасында төрт сағатқа созылған тартыстың нәтижесінде 56 да 44 дауыс айырмашылығымен Дональд Трампқа қарсы импичмент жалғастырылатын болды.
Яғни іс келесі кезеңге өтті. Сенаттың алғашқы отырысында бұл жағдайдың АҚШ Конституциясына қаншалықты сай екені талқыланды. 6 қаңтарда болған бүлікті негізге ала отырып, демократтар Трамптың халықты тәртіпсіздіктерге ашық түрде шақырғанын алға тартты. Ал Дональд Трамптың жақтаушылары президенттік қызметтен кеткен тұлғаларға қарсы импичмент жариялау Конституция бойынша қарастырылмағанын айтып, демократтардың бұл әрекетін өз ықпалын күшейтпек деп түсіндірді.