Трамп тіресуге көшті

АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне қатысты жарияланып жатқан импичмент аясындағы тексерістерді демократтардың келер жылғы сайлау алдында «саяси ұпай жинау үшін ойлап тапқан өтірігі» деп мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Импичментке қатысты іс – өтірік және ол жалған болып шықты. Бұл тек саяси ұпай үшін жасалған тірлік қана. Олар маған қарсы 2020 жылы не істей алатынын байқап алсын. Өйткені олар мұндай әрекеттерсіз, сөз жоқ, жеңіледі» деді ол, сейсенбі күні Лондонда өткен Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымының (НАТО) саммитінде.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті