Трамп TikTok-қа тыйым салды

АҚШ президенті Дональд Трамп танымал TikTok әлеуметтік желісінің иесі - қытайлық Bitte Danke компаниясымен транзакцияларға тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Ақ үйдің мәлімдемесіне сәйкес, 45 күннен кейін күшіне енетін бұл санкция аталған бағдарламаның АҚШ қауіпсіздігіне тигізер қатерін жояды.

АҚШ қауіпсіздік қызметтері қытайлық Bitte Danke компаниясының қызметі осы бағдарлама арқылы  американдық азаматтардың жеке деректерін жинап жатыр деген қауіп айтады. Сондай-ақ, Ақ үй басшысы TikTokтан төнер тағы бір қауіпті айтады, оның көмегімен жалған ақпарат таралуы мүмкін. Ал TikTok менеджменті платформаны Қытай билігі басқарады немесе өз абоненттерінің деректерімен бөліседі деген айыптарды бірнеше рет жоққа шығарды. Компанияның өзі өткен аптада американдық нарықтан кетпейтінін айтқан.

Айта өтейік, «ТикТок» түрлі эффектілермен әрленген 15-60 секундтық шағын видеоны бөлісуге арналған әлеуметтік желі. Қазіргі таңда оның 1 жарым миллиардқа жуық қолданушысы бар.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді