23 октября 2020 г. 8:21

Трамп Шымкент қаласының әкімдігін сотқа бере ме?

Фото:
16 қазан күні Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қоғамдық көліктерге арналған «TOLEM» атты элетронды жүйенің жобасымен танысты. Мегаполис басшысы «TOLEM» логосындағы әйгілі 

свастиканы байқамаған ба? Свасикадан бөлек, бұл логотипті АҚШ президенті Дональд Трамп сайлауалды компаниясы кезінде жасатыпты.

Алматы, NEGE. Мұрат Әйтенов қала әкімі қызметіне осы жылдың 21 қаңтары күні кірісті. Трамп сайлауға түскен кезеңде М.Әйтенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасында аппарат басшысы еді. 

Жеке инвесторлар қаржысымен жасалған жоба құны 1,2 млрд теңге. Бір қызығы, компания бренд-логотип үшін шығын шығармаған. Ол жайлы «TOLEM» PR-менеджері Октам есімді азамат айтып берді.

«Tolem» – QazSmartTrans ЖШС-ға тиесілі. Компания басшылары Ерлан Нұрланұлы мен Сержан Ақылбаев кеңесе келе, төрт бірдей «т» әрпін шаршы ішіне салып, лого идеясын ойлап тапқан. Желіде оның көшірме екені айтылғанға дейін, өздері де бейхабар болыпты. Свастика пен Трамптың логотипінен бөлек, қытайлық «Xiaomi» брендінің логосында бейнеленген «M» әрпі және бар. 

«Шыны керек бұл логотип жасалғанға дейін ойымызда QR-код сәйкестемесін келтіру болды. Сол себепті қызметкерлермен бірге ақылдаса келе, осындай шешімге келдік. Лого үшін арнайы маманға жүгінбедік. «АҚШ президентінің белгісіне ұқсайды» дегенді желіден байқап қалдық. Егер бұл лого авторлық құқықпен қоралған болса, мәселе туындамасын дедік те, дүниежүзілік сату белгісін тіркейтін ұйыммен байланысқа шықтық. Сөйтсек, еш жерде тіркелмеген. Свастикаға келсек, ол Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесінің сыртында да көрініс тапқан екен», – дейді Сержан Ақылбаевтың өзі.

25 қазанға дейін қаладағы барлық қоғамдық көлікке «Tolem» енгізіледі. Лого белгісі әзірге төлем терминалдарында ғана қолданылды. Карточкаларға лого енгізілмепті.

Инвесторларды бизнес, ақша қызықтыратыны белгілі. Әр жерден мейлінше үнемдегісі, көбірек табысын еселегісі келеді. Осы ретте мегаполистің абыройына, беделіне нұқсан келсе, оған кім жауап береді? 

Шымкент қаласының әкімдігі бұған нендей шара қолданады? Осы сауалға жауап іздеп әкімдіктің баспасөз қызметіне хабарластық. Ондағылар QazSmartTrans ұжымы айтқан жауаптан артық ешнәрсе айта қоймады. Бізге бір белгілісі, егер мәселе ушығып, айтарлықтай дау туғызып жатса,  QazSmartTrans өз есебінен логоны ауыстыруға дайын. 

Тегтер: