Трамп өз елінің штаттарын шатастырды

Импичмент дауымен басы қатып жүрген АҚШ президенті Дональд Трамп тағы бір ыңғайсыз жағдайға қалды. Ол Американың Ұлттық футбол лигасының ақтық ойыны – Супербоул жеңімпаздарын құттықтау сәтінде штаттарды шатастырып алды.

Алматы, NEGE.  «Канзас-Сити чифсті» керемет ойынымен және үлкен қысымға қарамастан жеңіліп тұрып ойынға қайта орала алғанымен құттықтаймын. Сендер Канзас штаты мен бүкіл АҚШ-тың намысын қорғадыңдар. Еліміз сендермен мақтанады», — деп жазды Трамп өзінің Твиттер парақшасына.

3-ақпанға қараған түні «Канзас-Сити чифс» командасы 50 жылда тұңғыш рет Супербоул жеңімпазы атанған еді. Алайда команда Канзастан емес, Миссури штатынан. Сондықтан аз-кем үзілістен соң президент алдыңғы жазбасын өшіріп, орнына дұрыс нұсқасын жариялады.

Трамптың Твиттердег парақшасына жазылғандар бірден президенттің өз елін жақсы білмейтінін әжуаға айналдырды.

 

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды