Трамп Қытай ғалымдарына қырын қарайды
Шектеулер аспиранттар мен ғылым докторларына қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24». Президенттің пікірінше, олар елдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
Алматы, NEGE. Қытайлықтар АҚШ-тың құпия технологиялары мен зияткерлік меншігін ұрлауы мүмкін деген күдік бар. Былтырдың өзінде 50-ден аса адамға осындай айып тағылған екен. Бұған дейін АҚШ-тың Сауда министрлігі Қытайдың 24 коммерциялық және үкіметтік ұйымына қарсы санкция салған еді. Оларға «әскери мақсатта жаппай қырып-жою қаруын жасау үшін АҚШ тауарлары мен технологияларын импорттайды» деген айып тағылған.