Трамп Германияны Ресейден құтқармақ

АҚШ президенті Дональд Трамп сайлауалды барысындағы жақтастарымен кездесуі кезінде Ресейдің Еуропаға тартылған  «Солтүстік ағын - 2» газ құбырын сынға алды. Президенттің есебінше, Берлин Мәскеуге «миллиардтаған доллар» төлеуге мәжбүр.

Алматы, Nege. Оклахома штатындағы жақтастарымен кездесуі барысында Трамп «Біз Германияны Ресейден қорғауымыз керек», - деп мәлімдеді.

АҚШ пен бірқатар еуропалық мемлекет Ресейден газ жеткізетін газ құбырының құрылысына қарсы. Олардың есебінше, жаңа құбыр Еуропаны Ресейге газ жағынан тәуелді қылады. Қазір «Солтүстік ағын – 2» газ құбырының жобасы мердігерлердің үстінен салынған АҚШ санкцияларының әсерінен тоқтап тұр.

Еуропаға газды Украина арқылы тасымалдайтын Ресей бұл үшін Киевке қомақты түрде транзитақысын төлейді. Сол себепті Мәскеу жаңа газ құбырын украин бағытына балама ретінде салғысы келеді.  

Қазір оқып жатыр

Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті

Қазақстанда күн күрт суытады

Футбол федерациясы «Ордабасы» – «Атырау» кездесуіндегі төрешілер қателігін мойындады

Қазақстандықтар ұзағырақ өмір сүре бастады – Денсаулық сақтау министрлігі