Трамп дебаттан қашқақтап отыр

Дональд Трамп пен Джо Байденнің АҚШ президенттігіне сайлау алдындағы екінші дебаты кейінге қалды.

Алматы, NEGE. Телеарна мәліметінше, пікірсайыс 22 қазан Теннесиде өтеді.

Еске салайық, аталған саясаткерлердің сайлауалды пікірсайысы 15 қазанда Майамиде өтуі керек еді. Алайда Дональд Трамптың коронавирус жұқтыруына байланысты сақтық мақсатында дебатты онлайн форматта ұйымдастыру ұсынылды.

Бірақ қазіргі президент Дональд Трамптың штабы одан бас тартты. Ал АҚШ-тағы кезекті президент сайлауы 3 қарашаға жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді