Трамп COVID-19-дан қайтыс болғандарға қатысты болжам қате дейді

АҚШ президенті Дональд Трамп Джонс Хопкинс және Вашингтон университетінің АҚШ-тағы коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың өліміне қатысты болжамын қате дейді. Бұл туралы РИА Новости ABC телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Алматы, NEGE. Институттың болжамы мен Вашингтон штатындағы университет жариялаған денсаулық көрсеткішінің есебіне сәйкес 4 тамызға қарай COVID-19 жұқтырып қайтыс болған адам саны 134 475-ке жетуі мүмкін. Джонс Хопкинс университеті федералды және жергілікті билік, БАҚ және басқа деректерді қоса келе күн сайын қайтыс болатын адамдар саны маусым айында екі есе көбейеді деп болжады.

"Бұл нұсқалар бірінші күннен бастап қателесіп келеді... Жаңа нұсқаларды ұсынып жатыр және олар да қате", - деді Трамп телеарнаға берген сұхбатында. Оның айтуынша, бұл нұсқаларда билік тарапынан қолданылып жатқан шаралардың әсерінен пандемия салдары жеңілдегені ескерілмеген.
 Еске салайық, 6 мамырдағы көрсеткішке сәйкес, АҚШ-та 1 234 351 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. COVID-19 жұқтырған 164 315 адам айықты, 72 023 адам қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?