Трамп брифинг өткізіп жатқан кезде оқ атылды
АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге баспасөз мәслихатын өткізіп жатқанда Ақ үйдің жанында оқ атылды.
Алматы, NEGE. Оқыс оқиға болған сәтте президентті күзет алып кетті. Бірнеше минуттан соң журналистерге қайта оралған Трамп, баспасөз мәслихатын үзуге Ақ үйдің жанында болған атыстың себеп болғанын айтқан.
«Оқ атылды, бірақ қоршаудың сыртында. Құпия қызмет оны жарақаттады, қазір ауруханаға апара жатыр» деді президент.