Трамп: Бәрі жақсы!
Иран Ирактағы АҚШ-тың әскери базаларын бомбалаған соң Дональд Трамп Туиттердегі парақшасына «бәрі жақсы» екенін жазды.
Алматы, NEGE. «Бәрі жақсы! Ираннан жіберілген зымырандар Ирактағы екі әскери базаға түскен. Қазір зардаптың көлемі анықталып жатыр. Бәрі ойдағыдай! Бұл күнде әлемдегі ең күшті әрі жақсы жабдықталған – біздің әскерилер. Мен таңертең мәлімдеме жасаймын» деді Дональд Трамп.
Қазір АҚШ-та түн. АҚШ-тағы тілшіміз жағдайды бақылауда ұстайтын болады.