Трамп әуе компанияларына 25 млрд доллар бөлуді тапсырды

Коронавирустың қайта өршуі шектеу шараларын күшейтуге алып келді. Бұлай карантин тәртібінің қатаңдауынан әлемдік әуе компаниялар шығынға батып жатыр.

Алматы, NEGE. Әр елдің билігі түрлі әдістер арқылы оларға қолдау көрсетіп әлек. Мәселен, АҚШ президенті Дональд Трамп бюджеттен әуе компанияларға көмек көрсету мақсатында 25 миллиард доллар бөлуді тапсырды. Ал Ресейде коронакризис салдарынан шағын әуе компаниялары банкротқа ұшырауы мүмкін. American Airlines және United Airlines әуе компаниялары пандемия салдарынан шығынға батып, жұмысшыларын қысқартуға кірісті. Себебі оларға жалақы төлейтін басшылықта қаражат жоқ. Жалпы алғанда компаниялардың 32 мың қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл арада Дональд Трамп Конгресске талап қойды. Әуе компанияларға қолдау көрсету үшін 25 млрд доллар қаражат бөлу керек дейді.

АҚШ президенті Дональд Трамп: «Өкілдер палатасы мен Сенат дереу арада әуе компанияларға көмек ретінде $25 млрд, шағын және орта кәсіпті қолдау бағытында $135 млрд қаражатты бөлуі керек» деді.

 Ресейдің ауқымды әуе компанияларына мұндай қауіп төніп тұрған жоқ. Сарапшылар осылай дейді. Жалпы Ресейде әуе тасымалымен айналысатын 100-ден аса компания тіркелген. Десе де жолаушылардың 99 процентін олардың 35-і ғана тасымалдайды екен. Сондықтан коронакризистан шығынға батып, банкротқа ұшырайтын шағын әуе компаниялар ғана дейді маман., Әуесарапшы Роман Гусаров: «Ең ауқымды алты әуе компания барлық жолаушының үштен екі бөлігін тасымалдайды. Оларға қатысты ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қаржылай шығынға шағын әуе компанияларына батып жатыр. Олардың басым бөлігі банкротқа ұшырауы мүмкін» деді.

  Әлемнің басқа да компаниялары қалай да тіршілігін тоқтатпауға тырысып-ақ жатыр. Мәселен, тайваньдық Старлюкс жолаушыларға арнап «белгісіз бағытқа сапар» акциясын қосыпты. Яғни саяхатты жаны сүйетіндер көкке көтеріліп, елге қайтып келе алады. Ұшу барысында жолаушылар қайда жүргенін білмейді, карта арқылы мекенді өздері табуы керек. Бортта әрбір жолаушыға тамақ пен сусын қамтылған. Бұл арқылы әуе компаниясы қандай-да табыс табуды көздеп отыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді