Трамп: АҚШ-та қазан айында коронавирустан жаппай егу науқаны басталады

АҚШ-та қазан айында коронавирустан жаппай егу науқаны басталады, ал жыл соңына дейін 100 миллион дана вакцина дайындалады. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлады «Интерфакс».

Алматы, NEGE. «Біз вакцинаны дайындау мен таратудың қауіпсіз әрі тиімді жолын ұстандық. Біз бұны қазан айында бастаймыз деп жоспарладық», – деп мәлімдеді Трамп Ақ үйдегі баспасөз конференциясында.

Президенттің айтуынша, қиындық туындаған жағдайда егу науқаны қарашада немесе желтоқсанда басталуы мүмкін.

Санитариялық бақылау жөніндегі басқарма (FDA) вакцинаны мақұлдаса, АҚШ миллиондаған дана вакцина өндіре бастайды. 2020 жылы елде коронавирустың кем дегенде 100 миллион дана вакцинасы өндіріледі, деп мәлімдеді Трамп.

Алайда АҚШ-тың денсаулық сақтау саласының басшылары егі науқаны келесі жылы басталуы мүмкін деп отыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

«Америка қоғамы вакцинаны қашан алды деп сұрасаңыз, келесі жылдың екінші тоқсанының соңы, үшінші тоқсан деп болжап отырмыз», – деп мәлімдеді АҚШ-тың аурудың алдын алу және бақылау жөніндегі орталығының (CDC) директоры Роберт Редфилд.

Қазір оқып жатыр

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты