Трамп Ақ үйде итті қабылдады
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде «Конан» есімді итті қабылдады. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі жазды.
Алматы, NEGE. «Конан» – АҚШ-та атақты ит. Ол ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған – ред.) террористік ұйымының жетекшісі Әбу Бакр әл-Бағдадидің көзін жою операциясына қатысқан. Осы операцияның нәтижесінде Әбу Бакр әл-Бағдади ауыр жарақаттанып, кейіннен өзін-өзі жарып жіберген.
Ақ үйде итті таныстырған Трамп: «Конан – әлемдегі ең атақты ит болуы мүмкін. Бұл иттің тұқымы туралы көп нәрсе біліп алдым. Аузыңызды ашсаңыз болды, шабуылға ұшырайсыз. Солай үйретілген. Сондықтан абай болыңыз. Конан өзінің қандай маңызды операцияға қатысып жатқанын білді» деді.