Трамп 20 қаңтарда билікті Байденге тапсыруға уәде берді
АҚШ президенті Дональд Трамп 20 қаңтарда билікті сайланған президент Джо Байденге тапсыруға уәде берді. Трамп үндеуінде сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Алматы, NEGE. Трамптың айтқан сөздерін оның көмекшісі Дэн Скавино Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.
"Сайлау нәтижесімен толық келіспеуіме қарамастан 20 қаңтарда билікті тапсырамын", - деді Трамп.