Трамп жаһандық баж салығын 15%-ға дейін көтерді

АҚШ президенті Дональд Трамп импортқа салынатын жаһандық баж салығын 10%-дан 15%-ға дейін дереу көтеретінін мәлімдеді.

@whitehouse/Instagram

Астана, NEGE. Трамп Truth Social желісінде бұл шешімді Жоғарғы соттың тарифтерге қатысты «Америкаға қарсы» шешімін қарап шыққан соң қабылдағанын айтты.

«Алдағы бірнеше ай ішінде Трамп әкімшілігі заң жүзінде рұқсат етілген жаңа тарифтерді айқындап, енгізеді. Бұл Американы қайта өркендетуге бағытталған», – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты Трамптың өзге елдерге қатысты енгізген тарифтерінің басым бөлігін заңсыз деп таныды. Сот шешімінде президенттің баж салығын біржақты тәртіппен енгізу арқылы өкілеттігін асыра пайдаланғаны айтылды.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін