Трамп Зеленский мен Путинді келісімге шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Украина президенті Владимир Зеленскиймен өткізген келіссөздерінен кейін оған да, Ресей президенті Владимир Путинге де келісім жасау қажеттігін айтқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social желісіндегі жазбасында хабарлады.
Алматы, NEGE. Желідегі постын Трамп Зеленскиймен кездесу «өте қызықты әрі жылы» өткенін баяндаудан бастайды.
– Бірақ мен оған да, президент Путинге де адам өлтіруді доғарып, келісімге келетін уақыт жеткенін айттым! Қан айтарлықтай төгілді, меншіктің шекаралары соғыс пен ерік-жігер арқылы анықталады. Олар қазіргі тұрған тұста тоқтауы керек.
Екі тарап та жеңіске жетсін, тарих өзі төресін айтады! Атыс тоқтасын, енді өлім болмасын, енді ауыр әрі шексіз шығындар болмасын. Мен президент болғанда, бұл соғыс мүлде басталмас еді. Аптасына мыңдаған адам қаза тауып жатыр — жетер, үйлеріңізге, отбасыларыңызға бейбіт оралыңыздар! – деп жазды Дональд Трамп өз жазбасында.